|
Енді бір он жылда жаңғыртпалы энергия көздерінің жаһандық нарығы 3,875 трлн долларға жетеді
|
Бұған таза энергия өндіретін түрлі технологияның қолданысқа кеңінен енгізілетіні себеп болмақ. Бұл жайында islam.kz порталы Asian Power ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Болжам бойынша 2035 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінің әлемдік нарығы 3,875 трлн долларға жетеді, ал жалпы жылдық өсу қарқыны 2025 жылдан бастап 2035 жылға дейінгі кезеңде 12,5%-ды құрайды. Transparency Market Research Inc. (маркетингтік зерттеу, жарнама және бизнес саласындағы компания) мәліметінше, 2035 жылдың деңгейі 2024 жылмен салыстырғанда үш еседен артық. Бұл тараптағы өсім күн, жел, су және басқа да экологиялық таза энергия көздерін қолданысқа енгізу, сондай-ақ, үкіметтік бастамаларды қолдау арқасында мүмкін болады. Климат дағдарысына қарсы күресте тиімділігі жоғары, озық технологияға негізделген энергия өндіруге күллі әлем басымдық беруде. Жаһандық жылынуға себеп болған атмосферадағы көмірқышқыл газын азайту мақсатында әр мемлекет қал-қадырынша жаңғыртпалы энергия көздеріне көшуде. Бұдан бөлек, мемлекетке жаңғыртпалы энергия көздері елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек. Өйткені, бұл технология әлемнің көптеген елінде жоқ қазбалы отын ресурсына деген тәуелділікті жояды. Жаппай күн қондырғылары орнатылады және жел электр стансалары салынады, жаасыл сутегі өндірісі ұлғаяды, гидро электр стансалары да наазардан тыс қалмайды. Мұндай саясат жаңғыртпалы энергия көздерін өндіруге мүмкіндік беретін технологияны қажет етеді. Әсіресе, Азия-Тынық мұхиты аймағында, Еуропада, Солтүүстік Америка құрлығында жаңғыртпалы энергия көздеріне молынан инвестиция тартылады. Аталмыш нарықта Iberdrola, Enel, Ørsted және NextEra секілді энергетикалық компаниялар ірі ойыншылар болып қалады.