Еңбекке шамасы келмейтін ата-анасынан бас тартқандар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады
Еңбекке шамасы келмейтін ата-анасынан бас тартқандар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады
15 сағат бұрын 163 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров еңбек етуге жарамсыз ата-анасын асыраудан немесе қараудан бас тартқан, кәмелет жасына толған азаматтарға жауапкершілік қарастырылған, осыдан бірер ай бұрын парламент депутаттары бірауыздан қабылдаған заңға қол қойды. Аталмыш заң нақты қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы аталған мемлкет басшысының баспасөз қызметіне жөн сілтеген ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай  отырып мәлім етеді. Осы заңның қаабылдануына әрі қолданысқа енуіне байланысты «Мемлекет басшысы «Қырғыз Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне (Қылмыстық кодекс, Азаматтық кодекс, Отбасы кодексі) өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды», - делінген хабарламада. Материалдық көмекке мұқтаж немесе өздіген жүріп-тұруы қиын ата-анасын қараудан бас тартқан кәмелет жасындағы азаматтарға жағдайға қарай 20-100 мың сом айыппұл салудан бастап, үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

0 пікір
Мұрағат