ЕҢБЕКАҚЫНЫ 40%-ҒА ҚЫСҚАРТАДЫ
ЕҢБЕКАҚЫНЫ 40%-ҒА ҚЫСҚАРТАДЫ
9 жыл бұрын 2872 E-ISLAM

Сауд Арабиясында 2020 жылы мемлекеттік сектордағы қызметкерлердің еңбекақысы 40%-ға қысқарады. Бұл «Болашақ-2030» атты Сауд Арабиясының алдағы 10 жылғы экономикалық даму стратегиясын анықтайтын үкімет құжатының негізгі пунктінің бірінде қамтылған. Еске салсақ, аталмыш құжат әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуі себепті елде туындаған дағдарысқа байланысты алдын алу шарасын іске асыру мақсатында әзірленді. Қазір королдік экономистері мен саясаткерлері ел экономикасының мұнай экспортына тәуелділігін төмендетуге күш салуда. Осыған байланысты мемлекеттік қызметкерлерге төленетін еңбекақы мөлшеріне де айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. Айта кету керек, Сауд Арабиясы экономкасының 70% табысы мұнай саудасынан түседі. Ал мемлекеттік секторда халықтың 30%-ы қызмет істейді.

0 пікір
Мұрағат