Еңбек мигранттары Үндістанның аса қуатты валюта түсімінің қайнар көзіне айналды
Еңбек мигранттары Үндістанның аса қуатты валюта түсімінің қайнар көзіне айналды
4 сағат бұрын 60 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үндістанды жұмысшы күшінің көптігі соншалық, ел аумағындағы барлық компания штатын толтырып, жалдаған күннің өзінде он млн жұмыс күші артылып қалады. Бұл жайында islam.kz порталы The New York Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал керісінше кей елдерде жұмысшылардың қарасына қарағанда бос жұмыс орындарының саны көп. Үндістан билігі елдегі жұмыссыздықтың деңгейін төмендету әрі арзан жүмысшы күшін экспорттау бағытында жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде қартаю процесі мен туу көрсеткіші төмендеген, яғни, жұмысшы күші жетіспейтін елдерге еңбек мигранттарын жұмылдыруда түрлі қиындыққа кезігуде. Сондай қиындықтардың бірі - елдің бірегей мәдени ландшафын бұзады деген сақтықпен көші-қон саясатына, әсіресе, мигранттарға қырын қарайтын ахуыл қалыптасқан. Осы жылдың қазан айында Үндістанның сыртқы істер министрлігі “Шетелге жұмылдыру туралы” заң жобасын жариялады. Бұл заң жобасы 1983 жылы қабылданған көші-қон заңнамасын алмастыратын болады. Осы орайда бүгінде әлемнің маңдайалды қалаларының біріне айналған Дубайды осы үнді мигранттары тұрғызғанын айта кетпекпіз. Бүгінде үнді еңбек мигрнаттары өз елінің аса қуатты валюта түсімінің қайнар көзіне айналып отыр. Мәселен, өткен жылы (2024) алыс-жақын шетелдегі үнді мигранттары отанына 124 млрд доллар қаражат аударып, рекорд орнатты.

0 пікір
Мұрағат