Елімізге өнімдері экспортталатын ресейлік ірі кәсіпорны халал сертифкатына ие болды
Елімізге өнімдері экспортталатын ресейлік ірі кәсіпорны халал сертифкатына ие болды
3 ай бұрын 922 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясындағы ең ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі - чуваштардың «Акконд» фабрикасы халал сертификатына ие болды. Бұл жайында islam.kz порталы  ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. «Акконд» Чувашияда халал сертификатына ие болған алғашқы кәсіпорын. Кондитер фабрикасының өнімдері РФ-ның 80-нен астам аймағында сатылады, сонымен қатар, ондаған шет елге жеткізіледі. Сертификат өнімнің 49 түрінің сериялық (жаппай) өндірсіне берілді, соның ішінде «Отломи», «Аделе», «Зимолиубка құс», «Бравер» печеньелері, «Хуторок» вафлилері, «Тортимилка» десерті, т.б. Сертификат Rosakcreditation мемлекеттік ақпараттық жүйесіне енгізілген. Ресейлік халал сертификаттары Парсы шығанағы елдерінде, сондай-ақ, Қазақстан, Тәжікстан және Пәкістанда мойындалған. Халал стандарттарына сәйкес келетін кондитерлік өнімдерде алкогол, желатин немесе кармин сияқты шариғат талаптарына сәйккес келмейтін компоненттер жоқ. Сонымен қатар, халал өнімдерді өндіру өндіріс желілерінің тазалығына және ингредиенттерді сақтау стандарттарына ерекше назар аударуды талап етеді

0 пікір
Мұрағат