Электр энергиясы тапшылығының алдын алу: ыстық өтпесі үшін тек 28 градуста ғана желдеткішті қосуға шақырып отыр
Электр энергиясы тапшылығының алдын алу: ыстық өтпесі үшін тек 28 градуста ғана желдеткішті қосуға шақырып отыр
2 жыл бұрын 1496 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жапонияның шығысындағы жойқын зілзаладан атом электр стансаларын абайлап, баяу іске қосудан әрі тозған жылу стансаларының жұмысын тоқтату өз кезегінде күншығыс елінде энергетикалық дағдарыс тудырмаса, энергия тапшылығын тудыруы ықтимал. Бұл жайында islam.kz порталы nippon.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Міне, осындай ықтимал төтенше жағдайдың төнуіне ықпал ететін факторға байланысты жапон билігі ел тұрғындарына осы жаз мезгілінде электр энерниясын мейлінше үнемдеуге үндеп отыр. Мұндай сақтақ шарасына 2015 жылдан бері шақырып келе жатқанын айты кету керек. Бұл тарапта энергияға сұранысты қанағаттандыру үшін кем дегенде 3% қор резервінің коэффициенті болуы тиістігін алға тартып отыр. Самурайлар елінің экономика, сауда-саттық және өнеркәсіп министрлігі электр энергиясын өндіру мен тұтыну арасындағы алшақтық пен айырмашылық артып кетсе, бұл жаппай электр көзінен денсаулық сақтау, өндіріс секілді маңызды стратегиялық нысандардың ажыратылуына себеп болатынын ескертеді. Егер мұндай жағдай орын алса, оның салдары мен зардабы табиғи апаттан кем болмайды. Міне, осыған байланысты үйдегі желдеткішті тек ауа температурасы Целсия бойынша  28 градусқа жеткенде ғана қосуға кеңес беріп отыр.

0 пікір
Мұрағат