Eлден кеткен миллиардерлер үшін салық заңнамасын қатайтады
Eлден кеткен миллиардерлер үшін салық заңнамасын қатайтады
2 жыл бұрын 1089 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Норвегия билігі елден кететін ауқатты азаматтарға салықты көтеруді қарастыруда. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Норвегиядағы билеуші ​​Жұмысшылар партиясы мен Орталық партиясы Социалистік солшыл партиямен 2023 жылға арналған мемлекеттік бюджетті қабылдау туралы ортақ келісімге келгеннен осындай бастама көтеріліп отыр. Реформа аясында акциялардан және басқа да активтерден жүзеге асырылмаған пайдадан шығыс салығы (шығу салығы) деп аталатын бес жылдық кезеңге есептелетін шектеуді алып тастау жоспарлануда. Норвегия үкіметі дәулетті азаматтардың көшу сәтіне дейін оның елдегі барлық іске асырылмаған пайдаға салықтардың оның юрисдикциясында төленуін қамтамасыз етуге ниетті. Бұдан бөлек, шетелдегі туысына активін беретін болса, оған да салық салу көзделуде. 2021 жылғы парламенттік сайлаудан кейін сегіз жылдық үзілістен соң Норвегияда билікке оралған солшылдар елдегі ең бай адамдарына салықты жоғарылату үшін үнемі науқан жүргізіп келе жатқанын айта кету керек. Атап айтқанда, басқарушы коалицияның партиялары дивидендтер мен акциялар бойынша құн өсіміне салықтың тиімді мөлшерлемесін 37,8%-ға дейін көтеруге келісті, бұл екі жыл бұрынғыдан 6 пайыздық тармаққа артық. Сөз орайы келгенде бүгінде аталған еуропалық елдің байлық пен сән-салтанатқа салық салатын санаулы елдердің бірі екенін айта кету керек. Осы салықтың кесірінен бірнеше ауқатты адам өзге елдің азаматтығын алды. Олардың арасында сегіз дүркін Олимпиада чемпионы Бьорн Дейли және Forbes журналының ең бай норвегиялықтар тізімінде 5,4 миллиард доллар байлығымен төртінші орында тұрған мұнай магнаты Кьелл Инге Рокке бар.

0 пікір
Мұрағат