Донор ретінде тіркелмеген әрбір ересек азамат өлімінен кейін дене мүшелерін қайырымдылыққа жұмсауға әзір ме әлде жоқ па сұрағы қойылатын хат алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
|
Ел азаматтары өлгеннен кейін автоматты түрде донорға айналатын заң қабылданды
|
Нидерландыдағы сенаторлар мемлекет азаматтары 18 жастан асқан соң ерікті түрде донор бола алатын жаңа заң қабылдады. Яғни азаматтың өлімінен кейін дене мүшелері науқастарға берілуі үшін ол көзі тірісінде бұған рұқсат беруі тиіс. Аталған құжатқа төменгі палата 2017 жылы дауыс берген болатын. Ал оны Нидерланды парламентінің жоғарғы палатасы қабылдады.
Заң жобасының авторы Пиа Дейкстра мұндай заңның Бельгия және Испания елдерінде бар екенін айтып өтті. Жоғарыдағы сұраққа «Иә», «Жоқ» немесе «Мұны жақындарым шешеді» жауабын таңдауға болады. Анкетаның екі сұрағына жауап бермегендер автоматты түрде донорға айналады. Бірақ, көзі тірісінде статустарын міндетті түрде өзгерте алады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
«Төртінші дублер» құпиясы
■
Латыштардың белгілі бір тобы шариғат талаптарына қарсы қол жинауға кірісті
■
Мидан бұрын беймәлім болып келген «қарауылдаушы» жасушалар табылды
■
Нобел сыйлығының иегері Омар ойлап тапқан аппарат ауадан тәулігіне 1 тоннаға дейін таза су алуға мүмкіндік береді