Ел аумағындағы cпиртті ішімдік сататын дүкендердің барлығы жабылды
Ел аумағындағы cпиртті ішімдік сататын дүкендердің барлығы жабылды
7 жыл бұрын 4583 inform.kz

Шешенстанда 7 адам мерт болған ірі жол-көлік апатынан соң, елдегі спирттік ішімдік сататын барлық сауда нүктелері жабылды, деп жазды РИА Новости республика парламентінің төрағасы, жол-көлік апатының алдын алу жөніндегі жедел штаб жетекшісі Магомед Даудовқа сілтеме жасап.

«Жақын күндері «Кавказ» трассасында болған ірі жол-көлік апатынан соң, алкогольді ішімдік сататын кәсіпкерлер ерікті түрде өз қызметтерінен бас тартты», - деді Даудов Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың өңір жолдарындағы өлім мен жарақат алу мәселелері бойынша өткізген жиналысында. 

Парламент спикерінің айтуынша, республикада спиртті ішімдік тарататын 20 нүкте болған.

«Енді біздің аумақта алкогольді ішімдік сататын бірде-бір дүкен қалмады», - деп атап өтті Даудов.

Қадыров алкогольді немесе есірткі затына мас болып рөлге отырған жүргізушіге ең қатал жаза тағайындап, қоғам алдында сөгу керектігін атап өтті. 

Ірі жол-көлік апаты қараша айының соңында «Кавказ» федералды трассасында болды - ішімдікке сылқия тойған Ford жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Lada Priora көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан жеті адам көз жұмды, оның екеуі балалар.

0 пікір
Мұрағат