Экзорцизм ережесі әзірленді
Экзорцизм ережесі әзірленді
2 жыл бұрын 1260 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Орыс православ шіркеуі (ОПШ) экзорцизм (жын шығару) жоралғысының реттейтін құжат әзірледі. Бұл жайында islam.kz порталы kommersant.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, адам бойына енген жынды кім көрінгенге, яғни, жекелеген тұлғаларға шығаруға тыйым салды, дәлірегі, тек архиерея тағайындаған священниктер мен епископтардың жын шығаруына рұқсат етіледі. Бұған қоса, олар аталмыш жоралғыны тегін істеуге міндеттелді, яғни, ақы алуына тыйым салынды. Орыс православ шіркеуінің мұндай қадамға баруына жын шығаруды кәсіп еткендер қарасының көбейіп кетуі  әрі жын шығару жоралғысы кезінде орын алған өліп фактісі себеп болған, яғни, табыс көзіне айналдырғандар саны артқан. Бұдан бөлек, жын шығаруды кәсіп еткендердің жүгенсіз әрекеті де, соның ішінде  ақы төлемеген клиенттерін таспаға тартып алып, әлеуметтік желіге жүктеп, ар-ожданына тиетін келеңсіз жайттар да көбейіп кеткен. Сондай-ақ, ОПШ психикалық ауытқуға ұшырағандарға емес, шынымен денесіне жын кіргендерге аталған жоралғыны қолдануға шақырып отыр. Психикалық ауру мен жын кіруді шатастырып алмау жағын қатаң ескертіп отыр.

0 пікір
Мұрағат