|
Экстремизммен карикатура арқылы күресіп көрмек
|
Сауд Арабиясында экстремизмнің таралуына жол бермеу мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады, алайда, карикатурамен күресу идеясы бірінші рет қолға алынып отыр. Аталған елдің ішкі істер министрлігі «Экстремизмге қарсы карикатуралар» деп аталатын байқау жариялады. Бұл байқауға кәсіби суретшілер де, әуесқой суретшілер де және Сауд Арабиясының азаматтары ғана емес, сонымен қатар, шетелдік тұлғалар да қатыса алады. Байқауда еңбегі еленіп, бағы жанып, топ жарғандарға ақшалай сыйлық беріледі. Жүлдегерлерге қанша сомада ақшалай сыйлық берілетіні турасында нақты ақпарат жоқ. Жеңімпаздардың еңбектері елдің алдыңғы қатарлы бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші бетінде жарияланатын болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Циркадты ырғақты басқаруға көмектесетін тетік табылды
■
Түнгі үрейлі түстер қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін
■
Мәңгі химикаттарды жоюдың жолы табылды
■
Оңтүстіктен 1 млрд тонна мұнай мен газ қоры табылды. Миллиондаған тонна пайдалы қазба бар 29 кен орны табылды
■
Еуропалық ел халық санын он миллионнан асырмау жөнінде референдум өткізуі мүмкін