Эксперимент: Швейцарияда ауыл тұрғындарына ай сайын 2500 доллардан таратылады
Эксперимент: Швейцарияда ауыл тұрғындарына ай сайын 2500 доллардан таратылады
6 жыл бұрын 2825

Швейцариядағы Рейнау елді-мекенінде эксперимент ретінде тұрғындарға қайтарымсыз ақша таратылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Süddeutsche Zeitung газетіне сілтеме жасап. 

Бұл эксперимент ақша пайда болғаннан кейін адамдар өзін қалай ұстайтынына бағытталған. Аталмыш жобаның авторы - режиссер Ребекка Пэниан. Жергілікті тұрғындарының көбі бұл экспериментті құптап, дауыс берген.  Рейнау тұрғындарына ай сайын 2 500 швейцариялық франк, яғни, 2 584 АҚШ доллары мөлшерінде төлем жасалмақ.

Бұл әлеуметтік тәжірибеге ақшаны краудфандинг арқылы жинау жоспарланып отыр екен.  Екі жыл бұрынғы республикалық референдумда швейцариялықтар "жеңіл ақшаға" қарсы болған. Алайда, жобаның авторлары жұрттың әлеуетін арттыратынын айтып мәлімдеген.  Мұндай тәжірибе осыған дейін Намибия мемлекетіндегі Виндхука қаласында жасалған. Төленген ақша он еуро болса да, жоба қатысушылары өз бойынан талантты аңғарып, халықтың табысы 29 пайызға дейін өсіп, жұмыссыздық екі есеге дейін қысқарған. Дәл осындай жетістікке 2011 жылы Үндістан мемлекеті де жеткен. Таңдап алынған бірнеше ауылдың экономикалық белсенділік көрсеткіштері айтарлықтай өскен екен.

0 пікір
Мұрағат