Екпеден бас тартуға тыйым салынады
Екпеден бас тартуға тыйым салынады
6 жыл бұрын 2725 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Нью-Йорк тұрғындарына медициналық себебі жоқ өзге мақсатта және діни көзқарасы бойынша екпеден бас тартуға тыйым салынды. Аталмыш мегаполис губернаторы Эндрю Куомо неліктен мұндай шешімге келгенін былай түсіндірді: "Мен наным-сенім бостандығын құрметтеймін, алайда, біздің басты міндетіміз - халықтың денсаулығын сақтау". Сөз орайы келгенде айта кету керек, аталмыш қала басшысының екпеден бас тартуға тыйым салуының нақты себебі - соңғы ширек ғасыр ішінде кеңінен етек алған шешек індетінен америкалықтар арасында зардап шеккендер қарасы көп. Осы жылдың басынан бері аталған елде мыңнан аса адамның шешек жұқтырғаны анықталып отыр. Бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерекке қарағанда, әлемде аталмыш індеттен зардап шеккендер қарасы өткен жылмен салыстырғанда 300%-ға артып кеткен. Ал еліміздегі жағдайға келсек, informing.ru ақпарат көзінің мәліметі бойынша өткен жылы 968 адам шешектен зардап шеккен. 

0 пікір
Мұрағат