Экономист инфляциямен күресу әдісін айтты
|
Инфляциямен күресу үшін үкімет бюджетті қысқартуы керек. Белгілі бір тауарлар бағасын қолдан тежеу, дәлірегі, бағаны көтеруге тыйым салу шарасы тауар тапшылығына апарып соқтырады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сұхбат берген экономика ғылымдарының кандидаты Николай Кульбакаға сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресейлік сарапшының айтуынша, мемлекет тарапынан бұл бағытта, дәлірегі, инфляцияны ауыздықтауда жүзеге асыратын тетіктің екі нұсқасы бар. Біріншісі – ақша-несие саясаты (Орталық банк мөлшерлемені көтеру немесе төмендету арқылы жүзеге асырылады). Екіншісі, бюджет-салық саясаты. Яғни, бюджет арқылы басқару саясаты: ынталандыру немесе тежеуші саясат жүргізе отырып басқарады. Орталық банк әдетте негізгі мөлшерлемені көтере отырып, ақша массасын қысқартады. Бұл – тежеуші саясат. Ал ынталандырушыға келсек, бюджет шығынын арттыруға тура келеді. Ал белгілі бір тауар түрлерінің бағасын бақылау немесе өсіруге тыйым салу шарасы инфляциямен күресте тиімсіздік танытады. Керісінше тауар тапшылығын арттырады. Мәселен, сіз нан бағасын қолдан тежедіңіз делік. Ол арзандады. Алайда, өндірушіге егін өсіру тиімсіз шаруаға айналады. Осылайша егістікті қысқартуға көшеді. Нәтижесінде дүкен сөресінде нан сирейді. Осылайша нан қат тауарға айналып шыға келеді. Дефициттен тауар бағасы қымбаттайды. Бұл жол ешқайда апармайды.