Экономикасын мұнайға тәуелділіктен құтқару шарасы араб елін шығынға батырды
Экономикасын мұнайға тәуелділіктен құтқару шарасы араб елін шығынға батырды
1 жыл бұрын 1066 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Ahmed Jadallah / Reuters

Өткен жылы Сауд Арабиясының Ұлттық әл-ауқат қоры (PIF) тек инвестицияның өзінен 11 миллиард доллар жоғалтты, ал жалпы шығын 15,6 миллиард долларға жеткен, дегенмен, 2021 жылы бұл салада 25,4 миллиард доллар пайда тапқанын айта кету керек. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталмыш қордың қаржылық есебіне жөн сілтеген Bloomberg іскерлік ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мұндай құлдыраудың негізгі себебіне технологиялық қорлардағы пакеттер құнының төмендегенін жатқызуға болады. Бұл тарапта Сауд Арабиясы ғана емес, сонымен бірге, Біріккен Араб Әмірлігі де инвестиция құйған жапондардың SoftBank тобының Vision Fund шығыны 32 миллиард долларды құрады. Осындай инвестициялар арқылы аталған араб елі экономикасын мұнай экспортына тәуелділіктен құтқарғысы келеді. PIF туризмге, спорт нысандарына, электр көліктеріне және басқа да технологиялық компанияларға инвестиция салады, бұл қадам өз кезегінде экономиканың әртараптануына жол ашатын түрлі индустриялардың дамытуы тиіс. Сөз орайы келгенде бұған дейін әлемдегі ең ірі мұнай компаниясы Saudi Aramco 2023 жылдың екінші тоқсанында таза кірісінің 30,07 миллиард долларға дейін төмендегенін айта кетпекпіз, бұл шама бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 38 пайызға аз. Алты айда пайда 29,5 пайызға төмендеп кеткен.

0 пікір
Мұрағат