Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мұсылман елі
Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мұсылман елі
7 жыл бұрын 4029 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

2017 жылдың үшінші кварталындағы көрсеткіш бойынша экономикалық өсімі 11,1 пайызға жеткен Түркия Еуропа елдері мен  G20 арасында экономикалық өсуден бірінші орынға шықты.Түркияның статистика институтының (TÜİK), Еуропалық одақтың статистикалық қызметінің, сондай-ақ, Даму және экономикалық ынтымақтастық ұйымының келтірген дерегіне қарағанда, Түркия экономикасының 2017 жылдың үшінші кварталындағы көрсеткіші өткен жылдың осы мезгіліндегі көрсеткіштен 11,1 пайызға шырқап өскен. Екінші кварталда ЕО елдеріндегі экономикалық орташа өсім 2,1 пайызды құраған болатын, ал үшіншіде – 2,5 пайыз. Осылайша, Түркия ЕЛ елдерімен салыстырған төрт есе экономикалық өсім көрсеткішімен алға шықты. Былайша айтқанда, Еуропаны шаң қаптырып кетті. Аталған уақыт аралығындағы Еуропа елдерінің экономикалық өсу көрсеткіші былайша нақтыланды, соның ішінде Румынияның – 8,8 пайыз, Мальта – 7,2 пайыз, Латвия – 5,8 пайыз, Нидерланды – 3 пайыз, Германия – 2,3 пайыз, Ұлыбритания – 2,1 пайыз, Франция – 2 пайыз. Ал әлемде жетекші елдерден тұратын жиырмалықтың (G20) құрамындағы Қытайдың экономикалық өсу көрсеткіші – 6,8 пайыз болса, Үндістан – 6,1 пайыз.

0 пікір
Мұрағат