Экологиясы шапшаң құрдымға кетіп бара жатқан елдер индексі
Экологиясы шапшаң құрдымға кетіп бара жатқан елдер индексі
4 жыл бұрын 5455 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Қайта сақтандыру саласындағы аса ірі компаниялардың бірінен саналатын Swiss Re компаниясының сараптамасына сәйкес әлем елдерінің бестен бір бөлігінің экологиялық жүйесі құрдымға кетудің алдында тұр. Табиғи ресурстар таусылуға таяу тұрса да әлі күнге табиғатқа деген ашкөздік пен жыртқыштық көзқарас үстем. Аталмыш компания баяндамасында келтірілген дерекке қарағанда, әлемдік жалпы ішкі өнімнің жартысынан көбісі (42 трлн доллар) табиғи ресурстар мен биологиялық әр алуандылыққа байланысты қалыптасады. Swiss Re баяндамасында экологиялық жүйе мен биологиялық әр алуандылыққа қатысты қатер индексі келтірілген екен. Бұл индекс өз кезегінде мемлекеттер мен кәсіпкерлерге экономикалық шешім қабылдағанда қоршаған ортаның жағдайын ескеруге көмектесетін құралға айналуы тиіс. Экологиясы сын көтермейтін, яғни, аталмыш индекс бойынша алғашқы орындарда Австралия, Израил және Оңтүстік Африка елдері тұр. Содан кейінгі орыннан Үндістан, Испания, Белгия көрінген. Пәкістан мен Нигерия да экологиялық жүйесі құрдымға кетудің алдында тұрған елдер санатында көш бастаған. Бразилия және Индонезия секілді елдердің экологиялық жүйесінің көп бөлігінің «мұрты бұзылмаған», алайда, аталған екі елдің де экономикасы табиғи ресурстарға тәуелді болғандықтан олардың да экологиялық жүйесі көп ұзамай бұзылуы ықтимал. Swiss Re индексі 10 негізгі көрсеткішке негізделген: таза ауа мен таза су деңгейі, азық-түлік әлеуеті, ағаш, тозаңдану, топырақ құнары, жағалаудағы аудандардың эрозияға ұшырау қатері, тіршілік ету ортасының бүтіндігі секілді маңызды факторлар ескерілген.

0 пікір
Мұрағат