Экологиялық ауызашар
Экологиялық ауызашар
3 жыл бұрын 2096 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото автордікі: Suparerg Suksai

Лондон мегаполисіндегі биылғы ауызашар экологиялық тиімділігімен, дәлірегі, қоршаған ортаның ластану деңгейін арттырмауға бағытталған ерекшелігімен есте қалатын болды. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тарапта алғаш рет қолға алынған өзінше, өзгеше тәжірибеге жүзге тарта адам атсалысқан. Олар ауызашарға өз ыдыстарымен келген. Осылайша ауызашарды көміртектен ада жобаға айналдыруға үлес қосып отыр. Аталмыш ауызашарды ұйымдастырып отырған Green Deen Tribe  қоғамдық ұйымының құрылтайшысы Рәбиа Малидің айтуынша, қасиетті Рамазан айында қоқысқа тасталатын ас қалдығы күрт артады. Осындай ысырпшылдықта ескерген әрі атмосфераға парникті газдың бөлінуіне ықпал ететін мал шаруашылығының залалын кеміту үшін Green Deen Tribe өкілдері етті тұтынуды азайтуды, ауызашарда пайдалынатылатын бір жолғы пластиктен бас тартуды, ас қалдықтарын азайтуды алдына мақсат етіп қойған.

 

0 пікір
Мұрағат