Экологиялық апат алдында....
Экологиялық апат алдында....
6 жыл бұрын 5156 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Испания 2020 жылдан бастап жаһандық жылынуға байланысты орын алған климаттық өзгеріспен күресуге және осыған себеп болып отырған қоршаған ортаға зиянды қалдықтардың бөлінуіне қарсы жыл сайын 900 млн еуро қаржы бөліп отырады. Бұл жайында аталмыш елдің премьері Педро Санчес Біріккен Ұлттар Ұйымының осы тақырыпта өткен кезекті жиынында мәлім етті. Оның айтуынша, климаттық өзгерістермен күресу міндеті қарастырылған, 2015 жылы қабылданған Париж келісіміндегі талаптарды әлем елдері орындап отырған жоқ. Өйткені, 2017 жылғы атмосферадағы зиянды қалдықтар көрсеткіші осының дәлелі. Испания басшысы Париж келісімінің тек қағаз жүзінде қалмау үшін өзі бас болып, өзгелерге үлгі көрсетпек. Өйткені, Испания климаттық өзгерістердің ауыр салдары мен зардаптарына қатты ұшырайтын елдердің бірінен саналады. Осылай дей келе ол 2050 жылға дейін парникті газдың бөлінуін нөлдік деңгейге жеткізудің міндет екенін тағы бір еске салып өтті. Сондай-ақ, Испания бұл тарапта тек климаттық өзгеріспен күресуге қомақты қаржы бөліп қоймай, сонымен қатар, елінде жаңғыртпалы энергия көздеріне көшу мүмкіндігін қарастыратын заң жобасы қолға алынып жатқанын жеткізді. Экологиялық апттың алдын алу үшін 2015 жылдың желтоқсан айында Франция астанасында әлемнің 194 елі қолын қойған келісімнің талаптарын орындау қажеттілігі мен маңыздылығын бір сәт естен шығармау керек. Барлық ел қазба отынды пайдаланудан бас тартып, жасыл энергияға тездетіп көшуі тиіс. 

0 пікір
Мұрағат