Екі мұсылман ғана тұратын елді-мекенде азан шақыруға және шариғат шәлісін жамылуға тыйым салды
Екі мұсылман ғана тұратын елді-мекенде азан шақыруға және шариғат шәлісін жамылуға тыйым салды
7 жыл бұрын 5045 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Венгрияның Асотталом елді-мекенінде бар-жоғы екі мұсылман ғана тұрады. Соған қарамастан аталған елді-мекен мэрі Ласло Тороцкаи мешітте азан шақыруға және қоғамдық орындарда шариғат шәлісін жамылып жүруге қатаң тыйым салды. Ол өзінің бұл шешімін кәрі құрлықта болып жатқан оқиғалармен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Бұл жайында Calgary Sun ақпарат көзі хабар таратты. "Еуропаны мыңдаған мешіт тұрғызып-ақ жаулап алып жатыр мұсылмандар. Сондай-ақ, ұлттық және отбасылық құндылықтарды өзгертіп жатқан радикалды либерализм кеңінен етек алып келеді",- деді ол. Ласло Тороцкаи өзіні бұл шешімін сот жүйесі теріске шығарса да, алған бетінен қайтпайтынын, яғни, өзі енгізген тыйымның күшін жоймайтынын мәлімдеді. Айта кетейік, мұсылмандар миграциясын шектеу шаралары осы айдың аяғында ел парламентінде қаралады. 

0 пікір
Мұрағат