Екі мұсылман елінің әуежайындағы жаңашылдық
Екі мұсылман елінің әуежайындағы жаңашылдық
6 жыл бұрын 2532 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Стамбұл шаһарының Сабық Гекшен атындағы әуежай аумағында мешіт салынатын болды. Бұл айында Trend ақпарат көзі аталмыш әуежайдың сайтына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, желтоқсан айының 17-і күні осы мақсатта тендер жарияланады. Бұл тендерге тек отандық және шетелдік компаниялар қатыса алады. Аталған әуежай аумағындағы мешіттің жалпы ауданы екі мың шаршы метрді құрайтын болады. Бұл мешіт аз уақыт ішінде, яғни, 2019 жылы тұрғызылып бітуі тиіс. Сөз орайы келгенде айта кету керек, қазіргі уақытта Түркияда ұзын-саны 55 әуежай бар. Олардың барлығында намаз оқуға орын бөлінген. Ал күн сайын бір жаңалығымен елең еткізетін Әбу-Даби әуежайында адамның жүрісінен электр энергиясын өндіретін, яғни, әр басқан қадамды энергияға айналдыратын жоғары технологиялы жаяу жүргіншілерге арналған жолақ пайда болады. Оның аумағы 16 шаршы метрді құрамақ. Ол бірінші және үшінші терминалдар арасында орналасқан. Күніне бұл аумақтан шамамен 8 мың адам өтеді. Олардың басқан қадамынан өндірілген энергия жаяу жүргінші жолағын, т.б. жарықтандыруға пайдаланылады. 

ÐÑÑокоÑеÑнологиÑнÑй пеÑеÑоднÑй пеÑеÑод.

0 пікір
Мұрағат