Екі мұсылман елі криптовалютаны пайдаланатын болып шешті. Қандай мақсатта?
Екі мұсылман елі криптовалютаны пайдаланатын болып шешті. Қандай мақсатта?
7 жыл бұрын 3093 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірлігі Сауд Арабиясының Орталық банкісімен екі елдің арасындағы ақша аударуда криптовалютаны пайдалану турасында уағдаласты. Бұл жайында БАӘ орталық банк жетекшісі Мүбәрак Рашид әл Мансұри мәлім етті. Айта кетейік, аталған екі елдің криптовалютаны пайдалануы блокчейнге негізделеді. Бір қызығы, әлемде криптовалюта дүрбелеңі орын алғанда аталған екі елдің орталық банктері криптовалютаға сенімсіздікпен қарайтындарын мәлім еткен болатын. Мәселен, шілде айында Саудияның орталық банкі биткоинмен сауда жасаушылармен күресетінін ескерткен еді. Криптовалютаны реттеу және қадағалау мүмкін еместігін алға тартып. Енді келіп, криптовалютаның табиғаты мен технологиясын игеру қажеттілігін көтеріп отыр. Криптовалютаның қатерлі жағы көп болғанына қарамастан виртуалды болғандықтан онымен сауда жасау, қаржы аудару, т.б. операцияларды орындау қолайлы, шығыны аз әрі уақыт үнемдеуге болады. Араб елдерінің бас қаржы мекемелері осы жағын ескергенге ұқсайды. Тағы бір айта кететіні, криптовалютамен сауда жасауға екі елдің аумағында тыйым салынған, тек трансшекаралық қаржы аударымы үшін ғана пайдаланады. 

0 пікір
Мұрағат