Екі күйеуі бар әйел төңірегіндегі дау басылмай тұр
Екі күйеуі бар әйел төңірегіндегі дау басылмай тұр
10 жыл бұрын 5586

Кенияда Рехема Дзуйя есімді мұсылман әйелдің екі күйеуі бары белгілі болды. Соған байланысты оның ісін қазылар шариғи тұрғыдан қарастырып жатыр. Тарқатып айтқанда, ол алдыңғы күйеуі Сәлім Туата Мутуибамен он екі жыл отасқанымен олардың арасында бала болмайды. Ажырасуға келісімін бермеген күйеуін тастап, өзге ер-азаматтың етегінен ұстаған болатын. Ол ол ма, Рехема екінші ер-азаматпен некесін қидырғанда имамға өтірік айтып, осы уақытқа дейін тұрмыс құрмағанын жеткізген. Бұл жайында «IslamNews» порталы «Standard Media» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Осынау істі қараған Әбдіхамин Осман есімді қазы оның екінші некесінің күшін жойып, бірінші күйеуіне қайтып оралуға үкім шығарды. Алайда, Рехема бірінші күйеуіне қайтып оралудан бас тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат