Екі арал сатылып кетті (карта)
Екі арал сатылып кетті (карта)
7 жыл бұрын 8978 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Арал – қорғаныс саласында стратегиялық әрі тактикалық маңызы зор позиция, жауды ел ішіне дендеп енуіне тосқауыл болатын қалқан іспеттес. Әлемде кей аралдардың әлі күнге даулы аймаққа айналып отырғандығына осы себеп болса керек. Арал да жердің бір бөлігі. Жерді саудаға салып, сату отаныңды сатқанмен бірдей опасыз әрекет.

Мысыр билігі Саудияға екі аралын миллион долларға сатқаны турасындағы ақпарат 2016 жылы белгілі болған еді, содан бері саяси қарсылыққа тап болпы, сот процедураларында тығырыққа тіреліп қалған болатын. Тарқатып айтқанда, жер мәселесінде ешбір соттың шешім шығаруға құзыреті жоғын алға тартқан жоғарғы сот осылайша Тиран және Санафир аралдарын сатуға тыйым салған жоғарғы әкімшілік соттың және бұл тыйымның күшін жойған тағы бір соттың шешімін заңсыз деп таныған еді.

«Мысыр мемлекеті өкілдерінің Мысыр мен Сауд Арабиясы үкіметтері арасындағы теңіз шекарасын белгілеу туралы келісім, сөзсіз, егемендік актісі болып табылады»,- деп айтылған Жоғарғы соттың қаулысында. Осылайша бұл келісім Мысыр парламентінің мақұлдауына жіберілген болатын. Саудияның тақ мұрагері Мұхаммед Салман тақ мұрагері болмай тұрғанда-ақ бұл келісімге қолын қойса, Мысыр парламенті өткен жылдың маусым айында мақұлдап, ел президенті Әбдіфаттах ас-Сиси бір аптадан соң ратификациялаған болатын. Аталған аралдардың сатылуына үзілді-кесілді қарсылық білдіргендер бұл аралдардың Мысыр құрамына 1906 жылдан бері кіретінін алға тартып отыр. Яғни, Сауд Арабиясы мемлекет ретінде құрылмай жатқан кезде Мысыр құрамында. Ал Мысыр билігі Саудияның бұл аралдарды 1950-ші жылы Мысырға қорғай тұруға бергенін көлденең тартып отыр.

Бұл келісімге қарсы оппозиция наразылық шараларына көшті. Мысыр билігінің ел тәуелсіздігіне қайшы  мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз.

0 пікір
Мұрағат