Екі араб елінің арасындағы теміржол 30 жылдық үзілістен кейін қайта ашылды
Екі араб елінің арасындағы теміржол 30 жылдық үзілістен кейін қайта ашылды
4 ай бұрын 1138 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Алжир ұлттық теміржол компаниясы Туниспен теміржол қатынасын қалпына келтіретінін хабарлады. Екі ел арасында 30 жылдан бері пойыз жүрмеген еді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Arab News ақпарат көзіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Алжирден Туниске алғашқы пойыз жексенбі күні жолға шықты. Коммерциялық қызметтер сейсенбіде қайта басталады жоспар бойынша. Пойыздар Алжирдің Аннаба станциясынан 357 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Жолаушылар пойыздары екі бірінші класты вагоннан және екі екінші класты вагоннан тұрады. Әрбір осындай пойыз бір қатынағанда 300 жолаушыны тасымалдай алады. Алжир мен Тунис арасындағы теміржол қатынасы қауіпсіздікті сақтаумен байланысты 1995 жылы тоқтатылды. Темір жол жұмысын қалпына келтіру жүк тасымалы мен елдер арасындағы саяхатты айтарлықтай жеңілдетеді

0 пікір
Мұрағат