Егіздердің дүниеге келу көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткен
Егіздердің дүниеге келу көрсеткіші рекордтық деңгейге жеткен
4 жыл бұрын 2506 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Тарихта егіздердің дүниеге келу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Human Reproduction мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттуе нәтижесі көрсеткендей, күллі әлем бойынша егіздердің өмірге келу көрсеткіші орташа есеппен 1000 туу дерегіне шаққанда 9-дан 12-ге дейінгі көрсеткешке жеткен. Десе де бұл көрсеткіш әлемнің әр елінде әрқалай болып келеді. Мұндай көрсеткіш Солтүстік америкада 71 пайызға жетсе, Еуропада 60 пайыз, ал Азияда – 32 пайыз. Ғалымдар әлемнің 100-ден аса елінің демографиялық деректерін саралай келе 1980-ші жылдан бері егіздердің өмірге жиі келу фактісінің артқанын анықтады: әрбір 42-ші әйел егізден тапқан, бұл жылына дүниеге келетін 1,6 млн балаға эквивалентті. Әлемге әйгілі Оксфорд университетінің социология және демография профессоры Кристиан Монден мұндай тенденцияның соңғы 40-50 жыл ішінде қалыпты құбылысқа айналғанын айта келе салыстырмалы түрде де, абсолютті түрінде де артқанын алға тартты. Сондай-ақ, бұл зерттеуде егіздердің 80 пайызы бүгінгі таңда Африка құрлығында немесе Азияда дүниеге келетіні белгілі болып отыр. Есімі жоғарыда аталған профессордың сөзіне қарағанда, бұл құбылыс африкалық тұрғындардың өзге популяциядан генетикалық тұрғыдан айрықшалануымен байланысты орын алуы мүмкін. Бұдан бөлек, мұндай құбылыс ЭКО, репродуктивті медицина, жасанды ұрықтандыру, т.б. осы заманғы озық технологияның әсерінен де орын алып отырғанын айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат