Эфиопия кофе өндірісін климат дағдарысынан құтқара алатын жалғаз ел
Эфиопия кофе өндірісін климат дағдарысынан құтқара алатын жалғаз ел
1 ай бұрын 770 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі кофенің барлық дерлік түсімі оның тек екі сортына – Арабика мен Робустаға тиесілі. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл екеуінің де өнім беруі жаһандық жылынуға және жауын-шашынның түсіміне байланысты. Алайда, климат дағдарысы тереңдеген сайын Аарабика өндірілетін Бразилиядағы құрғақшылық пен Робус өндірілетін Вьетнамдағы тасқын-селден кофе шығымы азайып, бағасы шарықтап келеді. Бұл екі аймақта болашақта кофе өспеуі мүмкін. Десе де ғалымдар кофені Африка құрлығында, дәлірегі, Арабика сортын Эфиопия аумағында өсіруге болатынын алға тартып отыр. Қазіргі таңда Эфиопия аумағының 31%-ға дейіні Арабика өндірісіне жарамды. 2080 жылға қарай кофе өсіруге қолайлы жер көлемі кем дегенлде екі есеге артады. Оңтүстік және Орталық Америка елдеріне қарағанда Эфиопия жаһандық жылыну кезінде Арабиканы өсіру үшін артықшылыққа ие болады. Алайда, бұл өндірісті жаңа өңірлерге көшіруді және бейімдеу шараларын қабылдауды талап етеді. Әзірге барлық сусы түрлері шикізат өсірілетін өңірлердің биоклиматына бейімделе бермейді.

0 пікір
Мұрағат