Эболаны қалай жеңуге болады?
Эболаны қалай жеңуге болады?
5 жыл бұрын 2263 forbes.kz “Су тапшылығын жою” жаһандық Қозғалысының директоры Савио Карвальо, Depositphotos.com/Syda_Productions

ЛОНДОН – Конго Демократиялық Республикасының (КДР) денсаулық сақтау министрлігі елдің солтүстік-шығысында Эболаның жаңа ауруын жариялағанына бір жыл өтті. Алайда, бұл жағдай КДР үшін бес жыл ішіндегі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайына екінші рет жатқызуы болды. Бұған ерекше жағдай бұған дейін төрт рет қолданылған. Бұл осыған дейінгі тіркелген Эбола ауруы бойынша екінші ең үлкен орын алуы.

Эбола вирусына қарсы жоғары тиімді тәжірибелік вакцина бар және жергілікті топтар вирусты бақылауға алу үшін көп жұмыс істеуде. Алайда, құбылыс құбылмалы қақтығыс аймағында орын алуы мүмкін, бұл жағдай оларға қарсы ойнауда. Осы жылдың алғашқы жеті айында медицина қызметкерлеріне немесе Эбола ауруына қарсы емдеу мекемелеріне 198 шабуыл  жасалып, жеті адам қайтыс болып, 58 адам жарақат алды.

Алайда, қазіргі дағдарысқа төтеп бере алмау себебі КДР-ның құзырынан тыс кемшіліктерді көрсетеді. Ауқымды эпидемия таралғанымен, халықаралық қауымдастық алдын алу мен дайындықтың негізгі аспектілерін алуды жалғастыруда. Мәселе Эбола сияқты  өте жұқпалы және өлім деңгейі шамамен 50% құрайтын ауру туралы болғандықтан  - мұндай ағаттықтар жойқын салдарға әкеледі.

Гигиена мен сумен қамтамасыз ету - инфекциядан қорғаудың бірінші бағыты ретінде қарастырылады. Шығыс Африкада денсаулық сақтау мекемелеріне арналған әлемдегі ең нашар таза сумен жабдықталған. ДДҰ және ЮНИСЕФ  мәліметтері бойынша, Уганда ауруханаларының 30% -ында су қызметі шектеулі, яғни мекемеге су кіргізу керек; ауруханалардан басқа емдеу мекемелері үшін бұл көрсеткіш 54% дейін жетеді. КДР-дағы жағдай одан да ауыр: ауруханалардың 15%-на және ауруханадан тыс емдеу мекемелерінің 51% -на мүлде су жүргізілмеген.

Төсектерді және қорғаныс құралдарын жууға немесе жұмысшылар қолдарын жеткілікті мөлшерде таза ұстай алуға қажетті таза су жағдай болмаса, медициналық орталықтар адамдарды емдеуі былай тұрсын, олар аурудың таралу көзіне айналады. Эбола жағдайында мұндай жағдайлар мыңдаған адамдардың  ауру жұқтыруы мен өліміне себеп болып, экономикаға, бейбітшілік пен тұрақтылыққа кері әсерін тигізетіні анық.

Бірақ Эболадан тікелей зардап шеккендер - бұл айсбергтің беті ғана. Аурудың таралуы кезінде әсіресе денсаулық сақтау жүйесі нашар жабдықталған және айтарлықтай қаржыландырылмаған жерлерде басқа аурулар мен медициналық қызметтерге,  медициналық қызмет көрсету жүйесі  жиі бұзылады. Тек осы жылдың өзінде, КДР-да мыңдаған адамдар  қызылша ауруынан қайтыс болды, өйткені вакцинация бағдарламалары Эболамен күресу үшін тоқтатылған болатын.

Мұндай ауқымды медициналық апаттар ел мен оның халқына ұзақ уақытқа дейін үрей қалдырады. Себебі, олардың әлеуметтік және экономикалық дамуында алға басқан прогресстерін кері қайтарып, қоғамды артта қалдыруы мүмкін. Және бұл жағдай тоқтаусыз қақтығыстар, әлсіз басқару, микробқа қарсы тұрақтылық, климаттың өзгеруі және жаппай көші-қон сияқты факторларға байланысты одан да кең таралуы мүмкін.

Егер үкіметтер мен халықаралық қауымдастық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға қаражат жұмсамайтын болса, сондай-ақ аурудың таралуы бақылауға алынғанға дейінбұл қоғамға үлкен зардаптар әкеле береді. Ауыз су, дәретханалар мен қол жууға арналған жабдықтарсыз жұмыс істейтін емдеу мекемелері осындай сәтсіздіктің айқын мысалдары болып табылады.

Бақытымызға орай, жақында жақсы өзгеріс болады деп үміттенуге негіз бар. Өткен мамыр айында гигиена мен аурудың алдын-алу шараларының арасындағы кері байланыс анықталғаннан кейін, 160 жылдан астам уақыт өткен соң, ДДҰ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының ел басшылары төменгі және орташа табысты елдердегі емдеу мекемелерінде судың, санитарияның және гигиенаның болмауын жоюға бағытталған қарар қабылдады.  Эпидемиялар мен онымен байланысты дағдарыстардың, оның ішінде есірткіге төзімді супербактериялардың таралу қаупінің артуы әлемдік басшыларды дамушы  елдердің денсаулық сақтау салаларына назарын аудартты.

Енді бұл жаңа міндеттеме сынақтан өтпек. ДДҰ-ның жақында КДР-ның Эбола індеті туралы мәлімдемесі өте маңызды болды, өйткені бұл халықаралық қауымдастықты өздерінің үлестерін қосуға  жұмылдыруы керек. Егер әлем Шығыс Африкада одан әрі денсаулық сақтау дағдарыстарын тоқтатпаса, бұдан да қысқа мерзімдегі мәселелерді шеше алмайды. Оның орнына денсаулық сақтау орталығы таза сусыз денсаулық орталығы емес екенін мойындайтын жан-жақты, болашаққа бағытталған стратегия қажет.

0 пікір
Мұрағат