Эбола безгегінен қанша дәрігер опат болды?
Эбола безгегінен қанша дәрігер опат болды?
10 жыл бұрын 3270

«Батыс Африкада індет пайда болғалы бері жеті ай өтсе де осы дертпен күресу үшін нақты қадамдар жасалмады»,- деп мәлімдеді «Шекараны білмейтін дәрігер» атты халықаралық үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Джоанн Лю. Оның айтуынша, әлем қауымдастығы аталмыш індетпен күресу үшін нақты шараларды қолға алуы керек. Бұл індет Африкадан асып, Еуропа мен Атлант мұхитының арғы жағындағы АҚШ-да жетті. Яғни, індеттің таралу аумағы кеңейіп келеді. Бұл алаңдатпай қоймайтын үрейлі құбылыс. Сондай-ақ, ол Эбола вирусының бүгінгі таңда әлемнің кез келген түкпірінен кезіктіруге болатын ВИЧ-пен, СПИД-пен бірдей жаһандық деңгейдегі қатерлі сипат алып бара жатқанынан қынжылыс білдірді. Осынау дертті бақылау жөніндегі орталықтың директоры Томас Фриден дәрігерлік тәжірибесінде соңғы отыз жылдың ішінде мұндай дағдарысқа тап болмағанын жеткізді. Соңғы рет СПИД-ке қатысты осындай дағдарыстың орын алғанын да жасырмады. Осы індеттен көз жұмған қарапайым жұртты былай қойғанда Эбола безгегімен күрескен дәрігерлердің қатары жүздеген адамға жеткені де алаңдатпай қоймайды.

0 пікір
Мұрағат