Дьякон Андрей Кураевтың ораза жайында айтқаны (видео)
|
«Ұлы ораза» христиан дініне енген бидғат болып табылады. Бұл жайында ё православ қайраткері, дьякон Андрей Кураев мәлімдеді. «Иса пайғамбар да, оның серіктері де Ұлы ораза туралы білген емес»,- деді ол артынша. «Мәселенің мәнісі сонда, Ұлы ораза 4-5 ғасырлардың соңында пайда болған және кейін жалғасын тапқан христиан тарихының сарқындысы деуге келеді»,- деді дьякон сөзін сабақтап. Оның айтуынша, Иса пайғамбар мен одан кейінгі бірнеше ұрпақ тұсында христиандар мұсылмандар секілді ораза ұстаған. «Алғашқы жүз жылдықта христиандар бүгінгі мұсылмандар секілді ораза ұстаған. Яғни, ештеңе ішіп-жемеген күн шыққаннан батқанша. Осыған орай христиан тарихында алғашқы жүз жылдықта ораза тамағы немесе жеңіл ботқа деген болмаған»,- деді ол ойын түйіндеп.