Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде қауіпті супербактерияның таралуына қатысты дабыл қақты
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде қауіпті супербактерияның таралуына қатысты дабыл қақты
4 ай бұрын 1361 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) антибиотиктерге төзімді бактериялардың, соның ішінде гипервирулентті Klebsiella pneumoniae бактериясыныңң тез таралатынын ескертті. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде ДДҰ-ның ресми сайтына жөн  сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Бұл бактерия пневмония, менингит, зәр шығару жолдарының аурулары және басқа ауруларды тудырады, ал оның гипервирулентті штаммы (қоздырғышы) одан да үлкен қауіп төндіреді. Бұл жұқпалы індет, тіпті, иммундық жүйесі мықты адамдардың өзіне қауіп төндіреді. Клебсиелла, сонымен қатар, ампициллин дәрісіне, кейінірек басқа антибиотиктерге төзімділігін қалыптастырған бактерия. ДДҰ бұл бактерияның 16 елде, соның ішінде Америка құрама штаттаты, Ресей Федерациясы (көрші елде алғаш рет 2015 жылы тіркелді), Қытай, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Үндістан және Иранда табылғанын хабарлады. Сондай-ақ, 12 елде барлық бета-лактамды антибиотиктерге, соның ішінде карбапенемдерге қарсы тұра алатын ST23 бактериялық штаммы табылды.

0 пікір
Мұрағат