Дубайға келетін туристер визасының иелеріне қойылатын талаптар жарияланды
Дубайға келетін туристер визасының иелеріне қойылатын талаптар жарияланды
7 ай бұрын 713 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дубайға визасы бар шетелдіктерге аталған қалаға аттанбас бұрын 3000 дирхам қолма-қол ақшасын, жарамдылығы жойылмаған қайту билетін және тұру туралы немесе қонақүйді брондау құжатын өзімен бірге ала келуі тиіс. Бұл жайында islam.kz порталы Khaleej Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Туристік компаниялар өкілдерінің айтуынша, Біріккен Араб Әмірлігінің билігі елге кіру ережелерінің сақталуын қатаң қадағалайды. Талаптарға сәйкес келмейтін жолаушылар Дубайға жіберілмейді немесе әмірлік әуежайына келгенімен қалаға жіберілмейді. Саяхатшылар, сонымен қатар, Дубайға келген  сәтінен бастап төлқұжатының жарамдылық мерзімі кемінде 6 ай болатынына көз жеткізуі керек. Билік елге келушілердің әмірлікте қалуға жеткілікті қаражаты бар-жоғын тексереді - қолма-қол ақшаны кез келген валютада әкелуге немесе несие картасында сақтауға болады. Осылайша, билік көші-қон режимін бұзатындармен қатаң күресуде. Біріккен Араб Әмірліктері бұған дейін туристік және өзге мақсатпен немесе жұмыс бабымен келгендердің виза мерзімінен аса уақыт елде болғаны үшін айыппұлдардың жаңа мөлшерін жариялаған болатын. Визаның мерзімі аяқталғаннан кейін кешіктірілген әрбір күн үшін, соның ішінде оны ұзартуға қатысты кез келген жеңілдік кезеңі үшін 50 дирхам мөлшерінде айыппұл алынады. БАӘ билігі, бұдан бөлек, турсит болып келгендер шетелдіктерді жалдағандарға ірі мөлшерде айыппұл салады. Шетелдікке белгіленген тәртіппен жұмыс визасын ашып бермеген кәсіп иесіне 50-ден 200 мың дирхамға дейін айыппұл салынады. Қайталанған жағдайда жұмыс беруші бас бостандығынан айырылуы мүмкін, ал сот тәртіп бұзушы шетелдікті, сондай-ақ, жұмыс берушіні (бірнеше рет бұзған жағдайда) БАӘ-нен депортациялау туралы қаулы шығаруы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат