Дубайда имамдарға «алтын виза» беріледі
Дубайда имамдарға «алтын виза» беріледі
2 жыл бұрын 1467 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мұсылман дін қайраткерлері, атап айтқанда, имамдар, азан шақырушылар, мүфтилер, уағызшылар Дубайда ұзақ мерзімде тұруға мұрсат беретін «алтын визасын» алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде russianemirates.com дерек көзіне жөн сілтеген Islam-Today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы тиісті шешім әмірлік билеушісінің және тақ мұрагерінің пәрменімен қабылданған. Осындай артықшылықтар Дубайда 20 жылдан астам қызмет еткен мұсылман ғылымдарының ғалымдары мен зерттеушілеріне де берілмек. Бұдан бөлек, биліктің нұсқауымен Ораза айттың құрметіне дін қайраткерлеріне ақшалай сыйлық беріледі. Дубай билігі мұндай елеулі қадамға діни қызметтің қоғамдағы маңызын арттыру мақсатында барып отыр. Осы орайда мәдениет, өнер, спорт және цифрлы технология саласының көрнекті тұлғалары, сондай-ақ, жыл сайын табысы 1 млн дирхамнан (272 мың доллар шамасында) кем түспейтін, аталған араб елінде бизнесі бар кәсіпкерлер де 10 жылға виза ала алатынын айта кетпекпіз.

0 пікір
Мұрағат