Дубайда халық саны рекордты көрсеткішке жетті
Дубайда халық саны рекордты көрсеткішке жетті
4 сағат бұрын 61 24.kz

Әмірлікте осы күні 3 миллион 825 мың адамның тұратынын хабарлады 24.kz

Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Жан саны 1 жыл ішінде 170 мыңға ұлғайған. Дубайға қоныс аударушылардың дені көрші мемлекеттердің азаматтары. Әсіресе нәпақа табу үшін уақытша  келетін мигранттар қарасы қалың. Соған байланысты қалада қарбалас уақыттарда кептеліс болады.

Дегенмен, Біріккен Араб  әмірліктері әлемнің әр қиырынан әлеуетті инвесторлар мен жоғары білікті мамандарды тартып жатыр. Соның әсерінен шаһарда жылжымайтын мүлік, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және коммуналдық қызметтерге сұраныс өскен. Биыл да бұл үрдіс жалғасуы мүмкін, дейді сарапшылар. Енді Дубай билігі алдында жергілікті инфрақұрылымға түсетін ауыртпалықты азайтып, оны одан әрі дамыту міндеті тұр.

 

0 пікір
Мұрағат