Донор «түнегі» басқан ел немесе ағза саудасы желілік маркетингке қалай айналуда?
Донор  «түнегі» басқан ел немесе ағза саудасы желілік маркетингке қалай айналуда?
7 жыл бұрын 2964 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Мысыр полициясы да осы заманғы қылмысқа шатылып жатыр. Пирамидалар елінің астанасында адам ағзасын саудалаумен айналысатындар Каир қаласының полициясымен ауыз жаласып, сыбайлас топ құрған. Қылмыскерлердің әрекет ету схемасы: алдымен ақшаға мұқтаж донорларды ағзасын 1,4 мың долларға сатуға көндіреді. Келісімін бергендер Каир қаласында жекеменшік емханаларда анализдерін тапсырып, сыбайлас топтың мүшесі болып табылатын хирургтың көмегіне жүгінеді. Донор болғандарға бастапқыда келісілгендей сомада емес, бар-жоғы қолына 300 доллар ұстатып, қалғанын тағы бір донор тапқанда алатынын айтып, шығарып салады. Осылайша желілік маркетингті еске түсіретін ағза саудасы белең алған. Осыған орай донорлардың тұтас бір «фабрикасы» пайда болған. Бұл қылмыс әшкере болып, сыбайлас топ қолға түсті. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

0 пікір
Мұрағат