Дональд Трамптың мұсылманға тән әдеттері
Дональд Трамптың мұсылманға тән әдеттері
6 жыл бұрын 5029 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың кей өмір сүру салты шариғаттың талаптарына сай келеді. Батыс елдерінде тыйым салынбаған әрі жаппай әдетке айналдырған ішімдік ішу жағынан келгенде қазіргі АҚШ президенті алкогольді сусындарды өмірі аузына алмаған. Десе де оның ресми кездесулер мен кештерде немесе қандай да бір бұқаралық шараларда қолына бокал ұстап тұрғанын алға тартқандарға айтырымыз... америкалық бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, шараптың орнына кока-кола немесе өзге сусын құйылады. Бұдан бөлек, Дональд Трамп өмірінде шылым шегіп көрмеген екен. Оның жат әдеттерден бойын аулақ ұстайтынына 43 жасында ішімдіктен көз жұмған үлкен ағасы Фредтің қазасы себеп болған. Үлкен бауыры оған спиртті ішімдіктерден қашық болуды жалынып сұраған екен. Көзі тірісінде. Дональд Трамп ағасының ақылына құлақ асқан. 

0 пікір
Мұрағат