Дональд Трамппен «байланысы» бар радикалды ақ католиктер университеті жабылады
Дональд Трамппен «байланысы» бар радикалды ақ католиктер университеті жабылады
6 жыл бұрын 2413 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті,

Италия билігі радикалды әрі саяси белсенді католиктерді дайындауды жоспарлаған Dignitas Humanae университетіне қарасты монастырды пайдалану лицензиясын қайтарып алатын болды. Бұл жайында Reuters ақпарат ресурсы хабар таратты. Рим қаласының маңындағы аталмыш ғимаратты пайдалануға ресми түрде тыйым салынуының астарында тек радикалды католиктерді тәрбиелеу себебі жатқан жоқ, сонымен қатар, салықтан жалтарып, жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Аталған жоғарғы оқу орнының Чертоза ди Тризульти монастырында орын тепкен басшылығы мәлім еткендей, католик радикалдарды саяси тұлғаға айналдыру курсының бағдарламасын АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы бас кеңесшісі Стивен Бэннон әзірлеген екен. Ол ақ нәсілділер ұлтшылдығының әрі исламға қарсы иудейлер мен христиандар одағының  идеологы. Сондай-ақ, ол жалпы еуропалық популистік қозғалысты ұйымдастырушылардың бірі ретінде белгілі тұлға. Оның бұл жобасы Италияның солшылдар партиясының наразылығын тудырып отыр.

СÑивен ÐÑннон
Стивен Бэннон
Фото: GlobalLookPress
0 пікір
Мұрағат