ДНК-анализіне арналған құрылғы атеистердің мұсылмандарға қарсы құралына айналып отыр
|
АҚШ-тың Флорида штатынан сайланған сенатор әрі Қытай бойынша комиссия жетекшісі Марко Рубио Конгресте ДНК-анализіне арналған америкалық құрылғылардың Қытай билігіне сатылғанына алаңдаушылық білдірді. Ол Қытайдың Синьцзян аймағында тұратын азшылықты құрайтын, коммунистер тарапынан қысымға ұшырап отырған ұйғыр мұсылмандарына қарсы билік басында отырған атеистер қолданатын құралға айналуы мүмкін екенін мәлімдеді. Сенатор Қытайды ДНК көшірмесін жасайтын зенртханалық құрылғылармен жабдықтайтын Массачусеттегі Thermo Fisher Scientific компаниясынң бас директорына хат та жолдаған екен. Аталған мәселе төңірегінде. Үшбу хатында қытай билігінің ұйғырлардың ресми емес донорлық дерек базасын жасауы мүмкін екенін ескерткен. Бұл жайында Radio Free Asia ақпарат көзі хабар таратты. Кезінде хабарлағанымыздай, өткен жылдың желтоқсан айында халықаралық Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Қытай билігінің тегін медициналық тексеру жүргіземіз деген желеумен Синьцзян провинциясының 12-65 жас аралығындағы тұрғындардың ДНК үлгісі мен биометриялық мәліметтерін жинап жатқанын жаһанға жар салып, дабыл қаққан болатын. Thermo Fisher компаниясы Қытаймен арадағы мәмілесі туралы ақпарат беруден бас тартып, жауап қайтармады. Компания өз өнімдерінің өткенін, адам тағдырынан бұрын өз байлықтарының еселеп арттыруға мүдделі болғандықтан.