ДНК анализі, көз қарашығын сканерлеу, саусақ ізін алу...
ДНК анализі, көз қарашығын сканерлеу, саусақ ізін алу...
7 жыл бұрын 3711 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай полициясы ұйғыр мұсылмандары шоғырланған Синьцзян аймағында ДНК анализіне қан тапсыртып, саусақ іздерін алып, көз қарашығын сканерлеп жатыр. Осылайша аталған аймақ тұрғындары туралы ауқымды дерек жинау науқанына білек сыбана кірісті. Бұл жайында Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы дабыл қағып отыр. Аталмыш ұйымның мәліметіне қарағанда, мемлекеттік орган 12-65 жас аралығындағы жеткіншектер мен ересектерден түрлі тәсілдердің көмегімен дерек жинауға кіріскен. Мұсылмандарға тегін медициналық тексеруден өтуді міндеттеп жатыр. Мұсылмандардың қытай полициясының қандай мақсатта өздерін медициналық тексеруден өткізіп жатқанынан хабары аз.Бұл жайында NewsWeek ақпарат көзі хабар таратты. «Синьцзян билігі өздерінің «Адамның жеке өміріне қол сұғатын» қитұрқы жобасын медицининалық тексерумен бүркемелеп отыр. Өйткені, адамдарға ескертіп, олардың келісімін алған жоқ»,- деп мәлімдеді Қытайдағы Human Rights Watch директоры Софи Ричардсон. Мұсылмандардан алынған ДНК анализі, көз қарашығының сканері, саусақ іздері коммунистік режимге көңілі толмайтындарды аңду үшін керек. Бұдан бұрын адам қанының тобы туралы ақпарат пен мұсылмандардың денсаулығына қатысты өзге мағлұматтар донор жөніндегі деректер базасына енгізіледі деген қауесет тараған болатын. Кейін қажет болған жағдайда донорлыққа мұсылмандарды мәжбүрлеуі мүмкін екені де айтылмай қалмады.

0 пікір
Мұрағат