Діни жаулықты қоздырғандар жазалануы мүмкін
Діни жаулықты қоздырғандар жазалануы мүмкін
3 жыл бұрын 1161 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Өзбек билігі, дәлірегі, аталған елдің мәдениет министрлігіне қарасты ақпарат және бұқаралық коммуникация департаментінің директоры Асажон Қожаев діни жаулыққа жол беретін әрі өзге де жағымсыз діни ақпараттарды жариялаған бұқаралық ақпарат құралдары мен Telegram арналарын жауапкершілікке тартып, жазалауды ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Daryo ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мемлекеттік лауазымды қызметкердің айтуынша, ақпаратты таратушылар ескертуге құлақ аса бермейді, сол себепті, нақты шараларды қолға алу керек. Ең аз дегенде, әкімшілік жауапкершілік қарастырылуы тиіс. Айыппұл секілді нақты экономикалық шаралар нәтиже беруі мүмкін. Соңғы екі жылда дінді пайалананып немесе діннің атын жамылып, араздық отын қоздыру бойынша 18 мыңнан аса ақпарат таралған. Сондай-ақ, UZ доменіндегі 9500 веб-сайттан балағат сөздерді, моралдық азғындықты, зорлық-зомбылықты, қорлауды, құмар ойындарды, ішімдікті және темекі өнімдерін насихаттайтын сілтемелер мен ақпарат табылды.

0 пікір
Мұрағат