Діни білім ошақтары мемлекеттік білім беру мекемелерімен теңестіріліп, бюджет есебінен қаржыландырылады
|
Жыл соңына дейін Ресей федерациясының мемлекеттік дума депутаттары діни оқу орындарын мемлекеттік мектептермен теңестіру туралы заң жобасын қабылдауы мүмкін, егер аталмыш жобасы қабылданса, мұндай мектептер мемлекет тарапынан қаржы мен қолдау ала алады. Бұл туралы мемдуманың азаматтық қоғамды қорғау, қоғамдық және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі комитетінің жетекшісі Ольга Тимофеева Құтқарушы Мәсіх шіркеуіндегі православиелік гимназиялардың 10-11-сыныптарына арналған «Әлеуметтану» курсы бойынша оқу құралының тұсаукесерінде мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ТАСС ақпарат агенттігіне жөн сілтеген IslamNews сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш заң жобасына сәйкес «Ресей Федерациясының білім беру туралы» заңына діни білім беору ұғымын енгізу ұсынылды. Мұнддай мәртебеге болу үшін діни білім беру ошақтары елдің орталықтандырылған діги ұйымдарының басқарушы органдарында аккредитациядан өтуі тиіс. Бұдан бөлек, «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңға бірқатар өзгерістер енгізу ұсынылып отыр, соның ішінде діни білім беретін ұйымдар мемлекет тарапынан ғимаратты жөндеуге, күтіп ұстауға қаражат алатындай тетік қарастырылуы тиіс, сондай-ақ, діни білім мекемелеріне түрлі жеңілдіктерге ие болу құқығы берілуі тиіс. Осы орайда бұрын мемдуманың азаматтық қоғамды қорғау, қоғамдық және діни бірлестіктер мәселелері жөніндегі комитетінің жетекшісі Ольга Тимофееваның РФ премьер-министрі Михаил Мишустинге қарата діни білім беру мекемелерінде шәкірттерді тегін тамақтандыру мәселесін көтергенін айта кету керек. Депутаттың айтуынша, діни білім беретін мекемелеріндегі шәкірттер ата-аналар есебінен немесе садақа есебінен тамақтандырылады. Десе де діни білім беретін мекемелерде негізінен тұрмысы төмен отбасылар мен көп балалы отбасының балалары оқитынын алға тартқан болатын.