Діни атрибутты киімдерді мемлекеттік қызметтерге киіп келуге тыйым салынды
Діни атрибутты киімдерді мемлекеттік қызметтерге киіп келуге тыйым салынды
4 жыл бұрын 2474 материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Канада соты Квебек провинциясындағы тәртіп сақшылары немесе мұғалімдер, дәрігерлер, күзетшілер, қоғамдық көлік жүргізушілері секілді мемлекеттік қызметкерлерге жұмыс орнына діни атрибутты киімдерді киіп келуге салынған тыйымды қолдады. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сот төрағасы Марк-Андре Бланшар 240 беттен тұратын қаулысында хижаб, сикх шалмасы, еврей кипасы, христиан айшығы секілді діни символдарды мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтардың пайдалануына шектеу қоя алатынын мәлімдеді. Өйткені, мемлекет қызметкері қоғамдағы түрлі наным-сенім өкілдеріне қызмет ететіндіктен діни атрибутты кимідері арқылы олардың діни сенімін алалауға апаратын қадам ретінде бағалап отыр. Осылайша зайырлылық қағидалары арқылы діни алауыздық пен араздыққа тосқауыл қоймақ.

0 пікір
Мұрағат