Діни араздыққа байланысты қақтығыстан 140 адам тұтқындалды
Діни араздыққа байланысты қақтығыстан 140 адам тұтқындалды
10 жыл бұрын 2943

Үндістанның Гуджарат штатына қарасты Вадодара қаласында орын алған индустар мен мұсылмандар арасындағы қақтығыс кезінде екі адам қаза тапты. Қақтығысқа Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған мұсылмандардың ар-намысына тиетін фотосурет себеп болған. Осыған байланысты Гуджарат штатында мұсылмандардың ашу-ызасын тудыратын фотосуреттің одан ары таралмауы үшін MMS сервисі, ғаламтордың өзге де қызметтері уақытша жабылды. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди бұрын Гуджарат штатының бас министрі болып тұрған кезінде 2002 жылы мұсылмандар мен индустар арасында қақтығыс болып, мыңнан аса адам қаза тапқан еді. Осы қанды оқиғаға байланысты оған АҚШ пен Еуропа елдеріне есік тарс жабылған болатын. Яғни, оған виза берілмейтін еді. Бұл шектеу ел премьері болып табылғанға дейін өз күшінде қалған болатын.

0 пікір
Мұрағат