Депутат сөзін 15 сағатқа созды – әріптесі карантиннен шығып, президентке қарсы дауыс беруге үлгеруі үшін
Депутат сөзін 15 сағатқа созды – әріптесі карантиннен шығып, президентке қарсы дауыс беруге үлгеруі үшін
3 жыл бұрын 1095 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Чили парламентінің төменгі палатасының депутаты Хаиме Наранхо мінберде 15 сағат сөйлеуіне тура келді – коронвирусқа байланысты карантинге жабылған әріптесі Джорджо Джексонның карантиннен шығып, президент Себастьян Пиньер импичментіне (президентті қызметінен кетіру процедурасы – ред.) дауыс беріп үлгеруі үшін осылай етуіне тура келген. Өйткені, оның даусы таразының бір басының басым түсуіне ықпал ететін шешуші мәнге ие болатын. Кем дегенде 78 депутат қарсы дауыс беруі тиіс. Импичмент талабы бойынша. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде BioBio радиостансасына жөн сілтеген Reuters ақпарат ресурсына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Хаиме Наранхо 1300 беттен тұратын сөзін дайындаған екен. Ол сөзін дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша 10:42-де бастап, бейсенбіде 01:24-де аяқтаған болатын. Депутаттар екі мәрте қысқа үзіліске шығып келген. 70 жастағы Хаиме Наранхоны осындай үзілісте дәрігерлер денсаулығын тексеріп отырды. Әріптесі Джорджо Джексон жұқпалы індетке байланысты қараша айының 9-на дейін оқшаулануы тиіс болатын. Түн жарымында ол карантиннен шыққан бетте 120 шақырым қашық парламент ғимаратына машинамен бет алады. Нәтижесінде 78 депутат қарсы дауыс беріп, 67-сі жақтап, үшеуі қалыс қалған. Хаиме Наранхо сөз сөйлеген мәжіліс ұзын саны 22 сағатқа созылыпты. Енді Сенат дауыс беруі тиіс. Оппозиция Себастьян Пиньерге жең қшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінгені үшін импичмент жариялаған болатын. Естеріңізде болса, күллі әлемді елең еткізген Pandora Papers тергеу құжаттарында Чили президентінің де есімі жүр.

0 пікір
Мұрағат