Денсаулық: Италия хирургы 2017 жылғы бас қондыру операциясына дайындалуда
Денсаулық: Италия хирургы 2017 жылғы бас қондыру операциясына дайындалуда
10 жыл бұрын 3511

Италия хирургы Серхио Канаверо әлемде тұңғыш рет 2017 жылы адам басын қондыру отасына дайындалып жатқанын мәлімдеді. Ғалымның айтуынша, мұндай ота сәтті жүзеге асып, медицина тәжірибесінде кеңінен қолданылса, бұл өз кезегінде талай адамның өөмірін сақтап қалуға септігін тигізер еді. Серхио Канаверо бұл бағытта маймылға тәжірибе жасап, қаншалықты сәтті жүзеге асатынын байқап көрген болатын: маймыл ота жасалғанына он күн өткеннен кейін өліп қалды, өйткені, оның иммундық жүйесі бөтен денені жатырқап, бейімделе алмады. Десе де, хирургтың тауаны шағылып, жүні жығылған жоқ. Ол өзі бастаған істі аяғына дейін жеткізуге, яғни, технологиясын екі жылдың одан ары жетілдіруге күш салып жатыр. Ол өзінің меедицина тарихында аса ірі төңкеріс алып келген жобасын америкалық ортопедия мен неврология академиктерінің конференциясында ұсынып көрмек. Дәрігердің сөзіне қарағанда, басты қондыру процедурасы донор мен пациенттің денесін адам ағзасы оттегісіз өмір сүре алатындай деңгейге жеткенше мұздатудан басталады. Содан соң аса ірі қан айдайтын тамырлар бөлініп алады және арқа миы алынып тасталады. Донор мен пациенттің арқы миының ұштары арнайы затпен жабыстырылып, жалғанады. Осыдан кейін адамды төрт аптаға жасанды комаға түсіреді. Ол қозғалмасы үшін – бұл өз кезегінде артерия мен бұлшық еттің бітісіп қабысуы үшін қажет. Терең ұйқыдан оянғаннан кейін пациент өз бет-жүзін сезінетін болады. Бір жылдан кейін жүріп үйренеді.

 

Түрік дәрігерлері мидағы ісікке пышақсыз ота жасады

Түрік дәрігерлері мидағы ісікке пышақсыз ота жасап, Паркинсон ауруын емдеу үшін адамдарды өз елдеріне шақырып отыр.
Түркияның бірнеше қаласында орналасқан емдеу орталықтарының мамандары кез келген дерттен айықтыруға қауқарлы. "МедикалПарк" клиникасында кардиохирургия, онкология, трансплантациялау, жілік майын ауыстыру секілді қызметтер жолға қойылған. Астаналық Еркін Бейбітхан апластикалық анемияның ауыр түріне шалдыққан 3 жасар қызына ем іздеп Түркияға барған отандастарымыздың бірі. Шамамен бір жыл кезекте тұрып, шетелде емделу үшін мемлекеттік квота күткен жас отбасы ақыры Ыстамбұлдағы клиникаға жеңілдік алған. "Баламды 5 ай дайындады. Менің жілік майымды алып, ауыстырды. Осыдан 3 жұма бұрын жасады. Енді нәтижесін күтіп отырмыз. Менің клеткаларымның қызымның денесінде өсіп-жетілуін күтіп отырмыз", - дейді ол. Еркін сынды талайға үміт отын ұялатқан - "МедикалПарк" клиникалар желісі 1995 жылы Түркияда іргесі қаланған. Орталықтың 2 аурухана кешені, 13 клиникасы мен 2 медицина орталығы бар. "Әлемге әйгілі "МедикалПарк" емханалар жүйесі кездесетін дерттің 90 пайызына жуығын емдеп, науқастың сауығып кетуіне барын салатын санаулы мекемелердің бірі. Бұл клиниканың басты ерекшелігі мидағы ісікке пышақсыз ота жасалады. Науқастар алдымен қаралып, кейін арнайы қондырғы орналасқан жерге жіберіледі. "Gamma knife" немесе сәулелі пышақ деп аталатын құрылғы арқылы мидың сыр берген қабатына бірден 300 сәуле түсіріледі. Операция толығымен мамандардың бақылауында болады. Егер барлығы ойдағыдай өтсе науқас бірден үйіне жіберілуі мүмкін. Түрік мамандары Паркинсон ауруын емдеу үшін ағзаға арнайы батарея орнатып, адамның қимылын ширақ етеді екен.

 

Ғалымдар адам миын зертханада жасап шығарды

Австриялық ғалымдар ствол жасушаның көмегімен зертханада адам миын жасап шығарды. Вена қаласындағы Молекулярлы биотехнология институтының мамандары адам миын зертханалық ыдыста – Петр тостағанында ми ждасушасын өсірген. Зертханада өсірілген ми құрсақта жатқанына 9 апта өткен шарананың миындай болған. Бұл тәжірибенің неврологиялық, яғни, жүйке ауруларын зерттеу мақсатында жасалғанын айта кету керек. Жасанды жолмен өсірілген мидың өлшемі шамамен 4 миллиметрді құраған.

1 пікір
  • Адамның басын ауыстыру біраз асыра айтылған сияқты... Басқа адамның миын салса басқа адам болып кетпей ма :)
    10 жыл бұрын
Мұрағат