Денсаулығында кінәраты барларды көлік жүргізу құқығынан айырмақ
Денсаулығында кінәраты барларды көлік жүргізу құқығынан айырмақ
3 жыл бұрын 3122 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігінің денсаулығы бойынша көлік жүргізу құқығынан айыру туралы заң жобасының минус жақтарына қарағанда плюсі көп. Бұл жөнінде сарапшылар осындай пікір білдіріп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Синие ведерки»  деп аталатын қозғалыс үйлестірушісі Петр Шкуматов бұл тарапта ішімдік ішкен немесе есірткі қолданған адамдарды мысалға келтіріп отыр. Оның айтуынша, көлік жүргізу куәлігінен айырылмасы үшін осындай жат әдеттерден бас тартуына тура келеді. Осылай дей келе ол медициналық мекемелер көлік жүргізушінің қандай да бір ауруы бары туралы өздері Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттің инспекциясына хабарлап отыруы тиіс. Сондай-ақ, «Автостат» сараптама орталығының өкілі, автосарапшы Игорь Моржаретто да осындай пікір білдіріп отыр. Бұрын белгілі болғандай, ресейлік көлік жүргізушілер Жол қозғалысы қауіпсіздігінің мемлекеттің инспекциясына денсаулығы туралы анықтаманы ұсынбайда, оны Денсаулық сақтау министрлігі автоматты түрде береді. Егер автокөлік жүргізушінің көлік жүргізуіне кедергі келтіретін қандай да бір ауыр дерті болса, оны уақытша көлік жүргізу құқығынан айырады.

0 пікір
Мұрағат