Денесіне сурет салғандар әскери борышын өтей алмайды
Денесіне сурет салғандар әскери борышын өтей алмайды
6 жыл бұрын 5867 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы қарулы күштері сапында денесіне инемен сурет (тату) салдырғандар әскери борышын өтей алмайды. Өйткені, олардың тәніндегі сурет қатаң әскери өмірге сәйкес келмейді. Бұл жайында РФ мемлекеттік думасының қорғаныс жөніндегі комитет жетекшісінің орынбасары Александр Шерин мәлім етті. Оның айтуынша, тату салдырғандарды әскер қатарына шақырудан босату қалыпты жағдай саналады. Әскер қатарына шақырылғандар арасындағы денесіне инемен сурет салдырғандардың әскери борышын өтейтінін немесе өтемейтінін медициналық комиссия шешеді. Мәселен, осындай себеппен рэпер Тимати деген бұркеншек атпен танымал Тимур Юнусов әскерге жіберілген жоқ. Өйткені, оның денесінің (терісінің) 80 пайызына тату салынған. Десе де әскер қтарында отан алдындағы борышын өтегісі келмейтіндер жаппай тату салдырмасына ешкім кепілдік бере алмайды. Адам өз денесіне өзі қожа: не істеймін десе де өзі біледі. Алайда, әскер қатарына шақырылғанша денсаулыққа қауіпті мұндай тәжірибеге тыйым салынуы керек.

0 пікір
Мұрағат