|
Демалыс және мереке күндері өлуге тыйым салынады
|
Францияның Грэл коммунасының тұрғындарына демалыс және мереке күндері өз үйлерінде өлуге тыйым салынды. Осы мәселеге қатысты тиісті жарлықты аталмыш коммуна басшысы Изабелл Джюле шығарды. Оның мұндай шешім қабылдануына коммунада дәрігерлердің жетіспеушілігі себеп болған. «Жарлықтың астарында денсаулық сақтау саласындағы үлкен проблема бұғып жатыр»,- деп мәлімдеді ол. Француздардың бұқаралық ақпарат құралдарының таратқан хабарына қарағанда, аталмыш жарлықтың шығуына коммуна тұрғындарының бірінің өлімін растайтын дәрігерді қала басшысының өзі іздеуіне мәжбүр болғаны түрткі болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар