ДДСҰ жалғыздықты жаһандық проблемалар санатына жатқызды
|
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жалғыздықтың күллі әлем бойынша қалыпты құбылысқа айналып бара жатқанына алаңдаушылық білдіре келе адамзатқа ортақ, яғни, ғаламдық проблемалар санатына жатқызды. Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ДДСҰ сарапшылары жалғыздықтың адам денсаулығына тигізер зиянын күніне 15 мәрте темекі тартудан келетін залалмен салыстырды. Тіпті, дене қимыл-қозғалысын қажет етпейтін өмір сүру салты мен семіздіктің өзі жалғыздық секілді қауіп төндірмейтін болып шықты. Әлем бойынша жалғыздықтың жұқпалы індет пандемииясынан кейін белең алып кеткенін алға тартты. Әсіресе, жалғызілік қарт адамдарға қатері айтылды: алжу ауруын 50 пайызға, ал жүректің ишемиялық дертін 30 пайызға арттырады. ДДСҰ есебінше, әлемдегі әрбір төртінші аадам жалғыздықтан жапа шеккен.