ДДСҰ аспартам тәттісін ықтимал канцероген тізіміне енгізді
ДДСҰ аспартам тәттісін ықтимал канцероген тізіміне енгізді
1 жыл бұрын 1037 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аспартам тәттілендіргішін канцерогенді заттар тізіміне енгізді. Бұл жайында islam.kz порталы bbc.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аспартам қатерлі ісік тудыруы мүмкін зат. Алайда, 1980-ші жылы пайда болған бұл затқа басы бүтін тыйым салуға оның обырға бастайтын қатерінің нақты дәлелденбегені себеп болып отыр. Аспартам Coca-Cola Zero секілді көптеген қантсыз сусындардың ингредиенті. Ол қанттан 200 есе тәтті болғанымен құрамында калория жоқ. ДДСҰ-ның қатерлі ісікті зерттеу жөніндегі халықаралық агенттігі (IARC) аспартамды ықтимал канцероген ретінде жіктегенімен Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) азық-түлік қоспалары жөніндегі бірлескен сарапшылар комитеті аталмыш затты тұтыну мөлшері бойынша ұсыныстарды өзгеріссіз қалдырды. Оның мөлшері тәулігіне дене салмағының келісіне шаққанда 40 миллиграмнан аспайды.

0 пікір
Мұрағат